МТРА жаңалықтарыCOVID-19: Қазақстан

СҚО-да қарашаның 9-нан бастап карантин шаралары қатаңдатылады

Өңірде қарашаның 9-нан бастап / карантин шаралары қатаңдатылады. Тамақтану орындары, сауда орталықтары, сұлулық салондарының жұмыс уақыты 1 сағатқа қысқартылып отыр. Ал сенбі мен жексенбі күндері бұл нысандардың есіктері / мүлдем жабылатын болады. Сондай-ақ, поезд және ұшақ жолаушыларына қойылатын талаптар да күшейтілді. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Соңғы 24 сағат ішінде өңірде коронавирус жұқтырған 32 адам тіркелді. Өткен аптамен салыстырғанда науқастар саны 3 есеге өскен. Ресми статистикаға сүйенер болсақ, індетке шалдыққандар 500-ге жетіп отыр. Оның 300-ге жуығы – ауруханаларда, қалғаны үйлерінде ем алуда.

Айнаш Сағандықова – СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

–  Ауру барлық санаттағы адамдарға жұғып жатыр. Әсіресе, 60 жастан асқан адамдар да індетке жиі шалдығуда. Жалпы, 26%-ды құрайды. 50-59 жас аралығындағы тұрғындар 20%-ды құрайды. 30-39 жас – 19%.

Науқастардың 3\1 бөлігі көршілес елден келгендер екен. Шекарадан өтушілерге қойылған талаптар күшейтілгеніне қарамастан елеп жатқан жандар аз көрінеді. Адамдардың көбі елге ПТР тест нәтижесінсіз кіруге тырысқан.

Айнаш Сағандықова – СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

–  6-шы қазан мен 2-ші қараша аралығында шекара арқылы 15 мың адам өтті. 4420 адамда ПТР анықтамасы бар. 1390 адамда тест нәтижесі болмаған. Олар індеттің бар-жоғын тексеру үшін карантиндік стационарға жатқызылды. 77 шетел азаматына ел аумағына кіруге тыйым салынды.

Эпидахуалды ушықтырып алмау үшін карантин шаралары қатаңдатылады деді жергілікті мамандар. Бірақатар шектеулер қайта оралады. Ең алдымен жұқтыру саны күніне 10-нан асатын болса елді мекендерге блок-бекет қойылады. Петропавл – Алматы бағыты бойынша теміржол тасымалдары аптасына 7 рет емес, енді 3 рет қана қатынамақ. Ал өзге өңірге ұшуды көздеген жолаушыларға ПТР тестін жасату міндет.

Татьяна Горлова – СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Қоғамдық тамақтану орындарына келушілер саны 50%-ға қысқартылады. Мұндай нысандардың жұмыс істеу уақыты таңғы 8-ден кешкі 21.00-ге дейін шектеледі. Ал демалыс күндері қызметі мүлдем тоқтатылады.

Жұмыс күндері сауда үйлері кешкі 8-ге дейін қызмет ететін болады. Сенбі мен жексенбі жұмысы тоқтайды. Бұл күндері сұлулық салондары, шаштараз, бассейн, фитнес-клуб, жаттығу залдарының да есігі жабылады. Діни және мәдени нысандар, театр, кинотеатрлардың да жұмысы уақытша тоқтатылады.
Сондай-ақ, жақында ПТР тест тапсыруға арналған 4-ші орталық ашылмақ. Осылайша қалада зертхана бойынша қажеттілік туындамайды деп отыр мамандар.

Маржан Касымбек