Білім

“Өрлеу” орталығының мамандары онлайн-вебинар өткізді

Бүгін “Өрлеу” орталығының жергілікті филиалында онлайн-вебинар ұйымдастырылды. Тақырып – “Сабақ жоспарлау дағдыларын жетілдіру. Оқыту мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған түрлі тапсырма дайындау.

Мамандардың айтуынша көзбе-көз оқыту жүйесіндегі әдіс-тәсілдер қашықтықтан қолданылмайды екен. Бұл педагогтар арасында жүргізілген сауалнама аясында белгілі болды. Сондықтан, онлайн-вебинар барысында мұғалімдерге жаңаша оқытудың тиімді тәсілдері түсіндірілді. Жалпы, бүгінгі шараға қала және аудандардан 100-ден астам ұстаз қатысты.

Гүлзат Әлжанова – «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы:

– Іс-шараның мақсаты – мұғалімдерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, сабақта жоспарлау дағдыларын жетілдіру, директор орынбасарларының сабақты қадағалауды тиімді ұйымдастыруы, сондай-ақ, пәндік-әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйымдастыруға байланысты қиындықтары мен қажеттіліктерін талдау.

Ешкенова Дана