Балалар

“Jas Otan” ЖҚ бастамасымен “Ozger” онлайн-марафоны өтуде

Спортпен айналысу, өлең оқу, музыкалық аспапта ойнау. Жақында “Jas Otan” жастар қанатының бастамасымен “Ozger” атты жалпыреспубликалық онлайн-марафон бастау алды.

Шара жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыруды көздейді. Шарт бойынша қатысушылар өз өнерін фото немесе видеоға түсіріп, әлеуметтік желілердегі өз парақшаларында жариялап, бөліседі. Барлық посттар #birgeozger хэштегімен белгіленуі тиіс. Қазірдің өзінде Instagram, Facebook парақшаларында осы тақырыпта мыңнан астам жарияланым жасалған. Айта кеткен жөн, бұл марафонға еліміздің кез келген азаматы қатыса алады.

Біржан Құдайбергенов – “Jas Otan” ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Марафонға қатысу үшін бастысы – істеп жатқан дүниені фото-видеоға түсіріп, Instagram, Facebook желілеріне салу. Посттың астына “Мен “Өзгер” онлайн-марафонына қатысамын” деген жазба мен #birgeozger және #jasotan хэштегтерін қоюды ұмытпаған жөн.

Бисенова Жанна