МТРА жаңалықтарыCOVID-19: Қазақстан

Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Өлкеде эпидахуалдың күнен-күнге ушығуына байланысты бүгін өңірдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Құжатта алдағы дүйсенбіден Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында периметр бойынша блок-бекеттер қойылады, делінген. Сондай-ақ, аталған аумаққа кіріп-шығуға қатаң тыйым салынды. Ал келіп-кетіп жұмыс істейтіндердің қолында міндетті түрде анықтама болуы тиіс. Жаңа қаулыға тағы бір тармақ қосылды. Мемлекеттік қызметшілердің 80 пайызы үйлеріне жіберілді. Олар қашықтықтан жұмыс істейтін болады. Естеріңізге сала кетейік, құжатқа сәйкес жұмыс күндері дүкендер мен супермаркеттер / кешкі 10-да жабылады. Ал қоғамдық көлік демалыс күндері жүрмейді.

Татьяна Горлова – СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Сондай-ақ, қаулыда айтылғандай үй карантиніне жабылған жандарды сыртқа шықпауларын бақылау қажет. Тағы, 3 адамнан топтасып жүруге тыйым салынады. Бірақ, бұл талап отбасы мүшелеріне қатысты емес. Ережені елемеген жандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Ешкенова Дана