МТРА жаңалықтары

Биыл жөнделген “Астраханка-Смирново” тас жолы қабылданбады

Бүгін “Антикор” өкілдері мен қоғам белсенділері жолдарға жауапты басқармамен бірге / жөндеу көрген бірнеше трассаны қабылдау үрдісіне қатысты.

Ең алдымен бақылаушы топ ұзындығы 15 шақырымды құрайтын «Астраханка-Смирново» тас жолын қарады. Ол осы жазда жарты миллиард теңгеге жөнделді. Бұған дейін жергілікті жұрт жаңартылған трассаның жиегіне қиыршық тас төселмеген, жолдың ені тым қысқа, ал кей учаскелерде асфальт опырылып жатыр деп шағымданған еді. Алайда, мердігер кемшіліктерді түзетпеген. Дегенмен жол қабылданды, тек жауапты компания жексенбіге дейін олқылықтарды жоюы тиіс. Ал ауа райының бұзуылуына байланысты опырылған учаскелердегі асфальт  көктемде қайта төселуі керек. Ал Ақжардағы «Казгородок-Горьковское» тас жолын мамандар бірден қабылдады. 720 млн теңгеге жаңартылған трасса сапалы жасалған. Тек жолдың жиегіне қиыршық тасты көбірек төсеу керек деген сын айтылды. Мердігер бұл шаруаны бірер күнде жасаймыз деп сендірді.

Саят Ермек