Спорт

“Qyzyljar” FC Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды

Жергілікті футбол клубының жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық. “Қызылжар” Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды. Егер бүгінгі матчта жергілікті аяқ доп шеберлері жеңіліс тапқанда, бірінші лигаға қайта оралар еді. Алайда, команда ақтаулық “Каспий”-мен тең түсті.

Кездесу Талғар қаласындағы стадионда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Алғашқы голды Қызылжар 7-ші минутта соқты. Оның авторы – жартылай қорғаушы Шота Григалашвили. Бұдан кейін де петропавлдық клубтың басымдылығын арттырарлық бірнеше мүмкіндігі болған еді, алайда бір де бір соққы қарсылас қақпаға дарымады. Керісінше ақтаулық құрама 69-шы минутта есепті теңестірді. Енді қарашаның 8-і Қызылжар маусымдағы соңғы кездесуін өткізеді. Қарсылас – Қостанайдың “Тобыл”-ы. Матч қандай есеппен аяқталмасын, турнирлік кестедегі жағдайға ол әсер етпейді. Қызылжар келесі маусымда Премьер-лигада ойнауды жалғастырмақ.

Саят Ермек