COVID-19: ҚазақстанЕрiктiлер

Волонтерлер тегін маска таратты

Волонтерлердің кезекті игі бастамасы. Бүгін қалалық жастар ресурстық орталығының мүшелері / тегін / 2 мыңға жуық бетперде таратты. Еріктілер / арасын үзбей ұйымдастырып тұратын акцияларын / осы жолы бір апта бойы жалғастырмақ.

Сағат таңғы 10-дар шамасы. Орталық алаңға бір топ жас жиналды. Қыз-жігіттердің қолдарында – маска мен жадынама қағаздары. Волонтерлер кезекті мәрте акция ұйымдастыруға дайындалуда.

Айдар Жұламанов – волонтер:

– Мұндай акцияға 4-ші рет қатысып жатырмын. Іс-шараның басты мақсаты -адамдарға тағы бір мәрте санитарлық нормалар жайлы ескерту.

Белсенді жастар акцияны Конституция көшесінен бастады. Барлығы шапшаң қимылдауда. Бірде-бір адамды жіберіп аламау қажет. Кейін белсенді жастар ат басын аялдамаларға бұрды. Мұнда олар автобус күтіп тұрған жандарға да бетперде мен жадынама ұсынды.

Ендігі кезек сауда үйіне де келіп жетті. Мұнда да белсенді жастар халыққа тегін бетперде таратып, тағы бір мәрте қоғамдық жерде міндетті түрде санитарлық норманы сақтау қажеттігін еске салды.

– Менің ойымша, мұндай бастамалардың пайдасы зор. Коронавируспен күрес жолында санитарлық талаптарды сақтау маңызды.

– Қазіргі жағдайда қоғам болып түсініспеншілік танытып, бір-бірімізге мейірім, қолдау көрсете білуіміз керек. Жастарымыздың шет қалмай, осындай шара ұйымдастырғандарына алғысымды білдіремін.

Мұндай акцияны еріктілер апта бойы жүргізбек ниетте. Күн сайын адам көп шоғырланатын жерлерді аралап, тегін медициналық маска тарататын болады.

Азат Мұхамеджанов – қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

– Негізі, қоғамдық орында, далада серуендеп жүргенде маска тағу, әлеуметтік ара қашықтық сақтау деген сияқты талаптарды көпшілігі ұстанады. Бірақ, оны ескермейтіндер де бар. Бүгінгі шарамен немқұрайлықтың салдарын айтып, қарапайым ережені ұмытпау қажеттігін еске салдық.

Волонтерлер сәуір айынан бастап бүгінгіні қоса санағанда 8 мыңға жуық бетперде таратқан.

Ешкенова Дана