Құқық қорғау органдары

СҚО-да қараусыз жүрген мал көлік қозғалысына кедергі келтіруде

Облыста бір түнде қараусыз жүрген малдың кесірінен  2 бірдей жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қос жағдай да Есіл ауданында орын алған.

Сағат түнгі 22:00 шамасында Шал ақын ауданының тұрғыны  Петропавлдан үйіне бара жатады. 54 жастағы жүргізушінің алдынан ойда-жоқта бір табын жылқы шыққан. Темір тұлпарын тоқтатып үлгермеген ер адам тұяқтыларды соғып өтеді. Салдарынан 1 жылқы мерт болған. Ал көлік жүргізушісі мен 2 жолаушы дін аман. Көп ұзамай дәл осындай жағдай тағы қайталанды. 32 жастағы петропавлдық түнде жолаушысымен бірге Петропавл-Жезқазған трассасымен жүріп келе жатып аяқ астынан пайда болған жануарларға келіп соғылған. Бұл жолы ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полицейлер қараусыз жүрген малдың иелерін тапты. Қазіргі күні қожайындарына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бисенова Жанна