НЗМ оқушылары арасында тоғызқұмалақтан жарыс бастау алды

Балалар

22:42 3 Қараша 2020

Бүгін Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары арасында / ұлттық тоғызқұмалақ ойынынан желілік спартакиада бастау алды. Ұл-қыздар командаға бөлініп, өзара мықтыны анықтайды. Жалпы, республика бойынша 20 / Назарбаев зияткерлік мектебі бар екен. Додада / білім ордаларынан / 88 оқушы бақ сынауда.

Жанбатырдың ұлттық ойынмен әуестенгеніне – биыл 5 жыл. Осы мерзімде жеткіншек тоғызқұмалақтың қыр-сырын жақсы меңгеріп алған. Былтыр оқушы облыстық сайыста жақсы өнер көрсетіп, жүлделі орыннан көрініпті. Ал пандемияға байланысты биылғы дода онлайн форматта өткізіліп жатыр. Бірақ, бұл қарсыласына қарама-қарсы отырып ойнағаннан өзгеше дейді Жанбатыр.

Жанбатыр Серік – Химия-биология бағытындағы НЗМ оқушысы:

– Бетпе-бет ойнаған виртуалды ойнағаннан қызығырақ. Адамды тірідей көргенде сайыс түсініктірек болады және кісінің кім екенін көріп отырасың.

Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында тоғызқұмалақ ойыны биыл 3-ші мәрте өткізіліп жатыр. Додаға 20 білім ордасынан 88 ұл-қыз қатысуда. Сайыс «PlayOk» платформасында жүргізіліп жатыр.

Айдар Уәлиев – Химия-биология бағытындағы НЗМ дене шынықтыру пәні мұғалімі:

– Бұрынғы спартакиадалар республикамыздағы мектептердің бірінде өткізілетін. Ұл-қыздар тоғызқұмалақтан бөлек, шахмат футбол, баскетбол, волейбол бойынша сайысатын. Пандемияға байланысты кейбір спорт түрлерін қысқарттық. Бірақ, жақында доппен жонглерлік жасаудан байқау өткіздік. Оқушылар өздерін бейнеге түсіріп, видеоны қазыларға жолдады.

Тоғызқұмалақ сайысы 3 күнге жалғасады. Шара соңында жеңімпаздар диплом, медаль және кубокпен марапатталмақ.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Сәуірдің 2-сі – Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні
Оқушылар 4-ші тоқсанда қалай оқиды
“Аттракцондар әлемінің” әткеншектері тексерілуде
Жергілікті жазушы Оксана Ефремова оқырмандарымен онлайн жүздесті
Жас оқырмандар балалар жазушысымен кездесті
2021 жыл – Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы
Петропавлда жаңа бөбекжай-бақша жұмысын бастады