МТРА жаңалықтары

ҮЕҰ қоғамдық мониторингілерге белсенді ат салысуы тиіс

Жемқорлыққа қарсы өңірлік департамент журналистер мен қоғам белсенділеріне арнап семинар өткізді. Тілге тиек етілген тақырып – парақорлыққа қатысты төзімсіздікті қалыптастырудағы БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдардың рөлі.

Шараға онлайн режимде 100-ге жуық адам қатысты. Сарапшылардың сөзінше, қазір Қазақстанда ашық бюджеттер принципі ендіріліп жатыр, ал биыл жемқорлыққа қарсы заңнама қатаңдатылды. Алайда, бармақ басты, көз қыстылықпен күресте бұл жеткіліксіз. Антикор өкілдері телеарналар, баспасөз бен жаңа медиа өкілдері ақпараттық жұмысқа қарқын қосулары қажет деп санайды. Ал үкіметтік емес ұйымдар түрлі мониторингілерге белсене қатысып, мемлекеттік органдар мен шенеуніктердің жұмысын ұдайы бақылап отыруы тиіс делінді жиында.

Саят Ермек