ТКШ

Биыл қалада 1 жарым шақырымға жуық кәріз жүйесі ауыстырылған

Кеше КошукОв пен Батыр Баян көшелерінің қиылысында  ескірген кәріз жүйесінен ақау шықты. Құбыр “Қызылжар су” серіктестігіне тиесілі. Мамандар кешеден бері оны ауыстыру жұмыстарын жүргізуде.

Кошуков пен Батыр Баян көшелерінің қиылысында, дәлірек айтқанда «Пирамида» сауда үйінің жанындағы кәріз жүйесі 25 жыл бұрын орнатылыпты. Қалалық әкімдік өкілдерінің сөзінше, нормаға сәйкес құбыр 30 жылға дейін қызмет етуі керек еді. Бірақ, кеше күндізгі 3-те бойында жарық пайда болған. Темір әбден тозып, шіріп біткен екен. Одан аққан лас су айналаға тарап, өткен-кеткен адамға біраз қиындық тудырған.

– Жылда осылай. Қыс басталғанда осылай бәрі. 

– Батыр Баян мен Сәтбаев көшесі суда қалды.

– Это не первый раз. Несколько раз в год делают.

Мамандар кеше кешкі 7-ден бері мұнда қызу жұмыс істеп жатыр. Жарылған 10 метр құбырды жаңасына ауыстырмақшы. Ол үшін техниканың көмегімен тереңдігі 2 метрді құрайтын шұңқыр қазып қойған. Енді кәріз жүйесін орнату ғана қалды.

Болат Салахутдинов – “Қызылжар су” ЖШС орталық диспетчерлік қызметінің басшысы:

– Жарылған құбырдан аққан суды сорып алуға 3 сағаттан астам уақыт жұмсалды. Шаруа аяқталған соң бірден қалыпқа келтіру жұмыстарын бастадық. Оның барысында көпқабатты үйлер судан ажыратылған жоқ.

Мамандар тынымсыз жұмыс істеп жатқанын көрген тұрғындардың кейбіреуі, тіпті, алғысын жеткізді.

–  Кеше су болса, бүгін көріп тұрғандарыңыздай жоқ. Жақсы істейді.

– Я очень благодарен. Потому что столько работу сделали.

Жалпы, жыл басынан бері шаһарда 1 жарым шақырымға жуық кәріз жүйесі ауыстырылған.

Маржан Касымбек