Ауа райы

Қараша айына арналған ауа райы болжамы

Қарашада жиі қар жауады. Сынап бағанасы, тіпті, минус 27 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ауа райы қашан / қандай мінез танытады? Жанна Бисенова синоптиктерден сұхбат алды.

Синоптиктердің болжауынша, қараша айының алғашқы онкүндігінде ауа температурасы түнде -3-8, күндіз -5 градусқа дейін төмендейді. Одан кейін ауа райы суыта бастайды. Мәселен, айдың екінші онкүндігінде сынап бағанасы түнде -11 градусты көрсетуі мүмүкін. Жалпы, қараша құбылмалылық танытады дейді мамандар.

Гүлзат Ғазизова – «Қазгидромет» РМК СҚОФ бөлім басшысы:

– Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде -12-17 градус аяздан -2-7, кей жерлерде -12 градус аязға, күндіз -5-10 градус аяздан 0-5 градус жылыға дейін жоғарылайды. Онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы түнде -22-27 градус аязға, күндіз -13-18 градус аязға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

Жалпы, қарашаның орташа айлық температурасы биыл нормадан 1 градусқа жоғары болмақ. Сондай-ақ, кей жерлерде көктайғақ пен бұрқасын күтілуде.

Жанна Бисенова – тілші:

–  Тарихқа қысқаша шолу жасайық. Ең суық қараша айы 33 жыл бұрын болған екен. Ол кезде сынап бағанасы минус 37 градустан төмен түскен. Ал ең жылысы 65 жыл бұрын трікелген. Онда ауа температурасы +14 градус жылыға дейін жоғарылаған.

Бисенова Жанна