МТРА жаңалықтары

9 ай бойынша нәтиже қандай

Статистик мамандар 2020 жылдың 9 айын қорытындылады. Қаңтар мен қыркүйек аралығындағы көрсеткіш мынадай: негізгі капиталға 174,2 млрд теңге көлемінде инвестиция құйылған.

Қаражатты игеру бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары басымдық көрсетуде. Жалпы, жыл басынан қазан айына дейін аграрлы секторда 628 млрд теңгенің өнімі шығарылыпты. Ал өнеркәсіптегі пайда көлемі 208 млрд-ты құраған. Табыстың 75 пайызы өңдеу саласына тиесілі. Облыстағы құрылыс қарқыны да осал емес. Мамандар 580-ге жуық ғимаратты қолданысқа тапсырып, 67 млрд теңге сомасының шаруасын атқарған. Тұрғызылған нысандардың 94 пайызы – тұрғын үй. Бөлшек-саудаға келер болсақ, 3 тоқсанның қортындысы бойынша 180 млрд теңгенің тауары сатылған. Азық-түліктің сатылымы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,1 пайызға өссе, азық-түліктік емес өнімдердің саудасы керісінше 6 пайызға төмендепті.

Эльмира Садвокасова