Спорт

“Қызылжар” ФК талдықорғандық “Жетісу”-ді жеңді

“Қызылжар” ФК жеңістер сериясын жалғастыруда. Ел чемпионатының 16-шы турында жергілікті команда талдықорғандық “Жетісу”-дан басым түсті. Матч сенбі күні оңтүстік астанада өтті.

Ойын басталысымен қарсылас құрама бірден шабуылға көшті. Бірақ, қызылжарлықтар да қарап қалмай, қорғаныстарын күшейтті. Алғашқы кезеңнің 36-шы минутында солтүстікқазақстандық аяқдоп шеберлері айласын асырып, есеп ашты. Гол авторы – шабуылшы Тимур Мульдинов. Қоржынға түскен ұпай  жеңістің дәмін сездіртті ме, футболшылар қарқындарын жоғалтпады. 1-ші таймның соңында  Максим Драченко қарсылас қақпадан саңылау тауып, тағы бір соққыны сәтті жүзеге асырды. Үзіліс талдықорғандықтар үшін пайдалы болған көрінеді. «Жетісу» командасы екінші кезеңге жаңа күшпен кірісті. Бірақ, әдемі ойын өрнегін матчтың тек 52-ші минутында көрсете алды. Десе де бұл жетістіктерін қайталай алмай, кездесу 2:1 есебімен аяқталды. «Қызылжар» 3 ұпай жинап, біріншіліктің турнир кестесінде 8-ші орынға көтерілді. Жергілікті құраманың келесі ойыны қарашаның 4-і ақтаулық «Каспий»-ге қарсы өтетін болады.

Бисенова Жанна