МТРА жаңалықтарыCOVID-19: Қазақстан

Локдаунды елемеген “Березовая роща”

Петропавлда тағы бір демалыс базасы карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін жауапқа тартылады. Сенбі мен жексенбі күндері рейдке шыққан арнайы мониторингілік топ бұл жолы “Березовая роща”-дағы бірнеше сауықкештің үстінен түсті.

Демалыс күндері енгізілген локдаунға қарамастан, мұндағы үйлердің бір де бірі бос емес болып шықты. Екеуінде жерлестеріміз дүркіретіп туған күн тойлап жатыр екен. Аталған фактілер бойынша хаттама толтырылып, жауапты департаментке жолданды. Туған күн иелеріне де, база әкімшілігіне де қомақты айыппұл төлеуге тура келеді. Мұндай жаза Петропавлдағы “Огни Каспия” дәмханасын да күтіп тұр. Белгілі болғандай, қоғамдық тамақтану орны сенбі-жексенбіде жұмыс істеуін жалғастырған. Екі күн ішінде санитарлар, прокурорлар мен полицейлерден құралған арнайы топтар облыс бойынша 34 бұзушылықты тіркеген. 7-уі – Петропавлда.

Саят Ермек