Спорт

“Құлагер” ХК жеңіліс тапты

Демалыс күндері “Құлагер” командасы “Теміртау”-мен кездесті. Сырт айдындағы ойында петропавлдық хоккейшілер жеңіліс тапты.

Матч есебі 11-ші минутта ашылды. Алғашқы шайбаны қарсыластар салды. Көп ұзамай жерлес қорғаушы Федор Хорошев таразы басын теңестірді. Ал екінші периодта теміртаулықтар басым түсіп, 3:1 есебімен алға шықты. Ойынның 55-ші минутында петропавлдықтар таблодағы сандардың айырмасын қысқартты. Гол авторы – Максим Первухин. Кездесу 4 те 2 есебімен аяқталды. Жерлестеріміз турнирлік кестенің 4-ші сатысында тұр. Команда қоржынында 10 ұпай бар.

Ильгиз Нуриев – “Құлагер” ХК капитаны:

– Біз ойында сәл-пәл қателік жібердік. Дегенмен, жігіттер жеңіс үшін бар күштерін салды. Келесі кездесулерде үздік боламыз деген сенімдемін.

Бисенова Жанна