МТРА жаңалықтары

СҚО-дағы 20 елді мекенде құс тұмауына қатысты шектеулер алынды

Облыстағы жеке қосалқы шаруашылықтарында құстардың қырылуы тоқтады.

Бүгінге дейін 12 аудандағы 49 елді мекенде карантин жарияланған болатын. Қазір оның 20-сынан шектеу шараларын алу мәселесі қарастырылуда.

Құстарынан айырылған тұрғындарға өтемақы да төленіп жатыр. Қыркүйек айында өңірде 200 мың қанаттының өлімі тіркелді. Оның 136 мыңын мамандар  құс тұмауына шалдықты деген күдікпен және індеттің алдын алу мақсатында мамандар жойса, қалғаны өздігінен қырылып қалған. Шығынға ұшыраған азаматтарға барлығы 200 млн теңге төленген. Өтемқы бескөлдік құс фабрикасына да берілд. Профилактикалық шара барысында кәсіпорында 117 мың құс өртелген. Қайтарымы ретінде 119 млн теңге табыс етіліпті. Тиісті қаражат қараша айының соңына дейін өзге де жандарға үлестірілмек.

Маржан Касымбек