Салық басқармасы

Салықтық берешегі бар жандардың өсімпұлы кешіріледі

Биыл өңірімізде тамыздың соңынан беріжеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық көрсетілуде.

Яғни, Үкіметке берешегі бар азаматтардың өсімпұлы толық кешіріледі. Ол үшін тұрғындар жер, мүлік немесе көлік салығын жыл соңына дейін өтеп бітулері қажет. Айта кетейік, бүгінде 92 мың солтүстікқазақстандықтың 21 мыңнан астамы жеке көлік құралдары үшін салық төлемеген. Жерлестеріміздің берешегі 467 млн теңгені құрап отыр. Қарыз жайлы толыққанды ақпарат алып, өтініш жолдау үшін мамандар жаңа мобильдік қосымшаны іске қосқан.

Төлеген Қабдөшев – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

– Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер комитеті “e-Salyq” мобильді қосымшасын әзірледі. Онда салық төлеуші полиция органдарында тіркеу есебінде тұрған немесе қолда бар көлік құралдары бойынша мәліметті көре алады. Қосымшаны “App Store” немесе “Play Market”-тен тегін жүктеп алуға болады. Тіркелу оңай. Тек қажетті құжаттардың нөмірін енгізсе жеткілікті. Салықтық рақымшылық жыл соңына дейін жалғасады. Бүгінде 11 мың солтүстікқазақстандыққа 19,7 млн теңге сомасындағы өсімпұл кешірілді.

Бердимурат Баймухан