Спорт

“Құлагер” ХК рудныйлық “Горняк”-ты тізе бүктірді

Кеше сырт айдында петропавлдық “Құлагер” командасы мен рудныйлық “Горняк” арасында қарымта кездесу өтті. Тартысқа толы матчта жерлестеріміздің жолы болды.

Жергілікті құрама қарсыластарын 7:2 есебімен тізе бүктірді. Жеңістен кейін Александр Троицкийдің шәкіртттері 10 ұпаймен, турнирлік кестенің 3-ші сатысына тұрақтады. Енді жерлестеріміздің келесі кездесуі қонақта қарашаның 1-і күні өтпек. “Құлагер” “Теміртау” командасымен кездеседі.

Ешкенова Дана