МТРА жаңалықтарыCOVID-19: Қазақстан

Жиынға қатысушылар ПТР-тест тапсырулары қажет

Бетпе-бет жүздесуді қажет ететін жиындарға қатысушылар  енді ПТР-тест тапсырулары қажет.

Коронавирустан ада екендігі туралы анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 күннен аспауы тиіс. Бұл туралы Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің  “Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы” қаулысында жазылған.Сондай-ақ, COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында жиындарға қатысатын жандарға  мынадай талаптар қойылып отыр:

1) кеңеске (отырысқа) дейін кемінде 3 тәулік бұрын алынған КВИ-ға ПТР әдісімен тестілеудің теріс нәтижесінің болуы;
2) отырыс (кеңес) өткізілетін үй-жайда болған барлық кезең ішінде респираторлық үлгідегі медициналық масканы пайдалану;
3) әлеуметтік қашықтықты сақтау;
4) қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа да нысандарын болдырмау.
5) сөз сөйлеу ұзақтығы 30 минуттан артық болғанда және қатысушылардың бірінші қатарынан кемінде 3 метр қашықтықта болғанда спикерлерге қорғаныс құралдарын пайдаланбай сөйлеуге жол беріледі.