COVID-19: Қазақстан

СҚО-да кеше 9 адам вирус жұқтырып алған

Ковид-19-ға байланысты статистика күн сайын өсіп келеді. Кеше Солтүстік Қазақстан облысында 9 адамның бойынан инфекция белгісі анықталды.

Осы орайда дәрігерлер жерлестерімізді санитарлық талаптар мен әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтауға шақырады. Жалпы, көктемнен бері өңірімізде 4 мыңнан аса адам вирус жұқтырған екен. Ал ел бойынша бұл сан 110 мыңнан асады.

Эльмира Садвокасова