МТРА жаңалықтары

Жамбыл ауданының орталығындағы “Ашық әкімдіктің” жұмысы

Биыл Жамбыл ауданының орталығында 19 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Атап айтар болсақ, 6 бірдей білім ошағы күрделі жөндеу көріп, ауылішілік жолдар қалыпқа келтіріліп, дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұрғызылуда. Елді мекендегі атқарылып жатқан шаруаны / Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев және облыс әкімі Құмар Ақсақалов бағамдап қайтты. Тағы іс-сапар барысында «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесінің жұмысы да таныстырылды.

Жамбыл ауданында «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесі қазан айының басында ашылған. Барлық қажетті құралмен жабдықталған кеңсеге аудан тұрғындары келіп білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй мәселелеріне қатысты өз сұрақтарын шеше алады. Жалпы, мұнда мемлекеттік қызметтің 80 түрі көрсетіледі. Оның 60-сы – электронды форматта. Ашылғалы бері 6 бөлімнің маманы 160-тан астам тұрғынды қабылдап, 140-қа жуық мемлекеттік қызмет түрін көрсеткен.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің төрағасы Алик Шпекбаевтың сөзінше Ашық әкімдік орналасқан ғимарат аудандық прокуратураға, “Nur Otan” партиясына және аудан әкімдігіне жақын орналасқандықтан, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауда пайдасы зор. Сервистік кеңседе, сондай-ақ, жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыс табай алмай жүрген жандарға көмек көрсетеді. Зинаида Тукинова аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысады. Еңбек ардагерінің бүгін бұл жерге келу себебі – кеңсенің жұмысымен танысып, өз бағасын беру.

ЗИНАИДА ТУКИНОВА – ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

– Бұл жерде кез келген тұрғын өзіне қажетті қызметті еш қиындықсыз ала алады. Сонымен қатар, бірнеше ғимараттың табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Бұл жаңашылдық туралы мен міндетті түрде ардагерлер кеңесіндегі өз достарыма айтатын боламын.

Кейін Алик Шпекбаев және Құмар Ақсақалов Пресновка ауылының ішінде жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын бақылады. Жалпы, мұнда 19 инфрақұрылымдық жоба қолға алынды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Жоба құны – 296 млн теңге. 6 білім ордасында 303 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Пресновка ауылының көшелері де ретке келтіріліп, 450 жарық диодты шамдар орнатылды. 102 млн теңгеге ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілді.

МАРАТ ЕСКЕНДІРОВ – ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

 – Ең үлкені – ФОК. Соның құрылысы жүріп жатыр. 2 жылдың ішінде бітіреміз. Жарық істелді, өзі жанады, өзі сөнеді.Жолдың жұмысына 102 млн кетті. Келесі жылы кіреберістегі жолдарды жөндейміз. Құмар Іргебайұлы өзі айтты қолдаймыз деп.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

– Келесі жылы да біраз жобаны жасап жатыр. Әр аудан орталығында асфальт жасауға бөлеміз.

Кейін Алик Жатқамбайұлы мен Құмар Іргебайұлы аудандық аурухананың жанындағы инфекциялық бөлімшеге барды. 20 жатын орынға шақталған нысанның шатырын ауыстыруға, қасбетін ретке келтіруге 36 млн теңге қаржы бөлінген. Нысанда ковид-19 вирусын жұқтырғандар мен ақ халаттыларға арналған бөлек бокстар бар.

Сонымен қатар, ауданға алғашқылардың бірі болып жылжымалы диагностикалық медициналық кешен жеткізілді. Алғашқы көмек көрсетуге арналған автобус барлық қажет жабдықпен қамтамасыз етілген. Бұл көлік Қостанай қаласының «Сарыарқа» зауытында құрастырылады. Тіпті, ковид-19 вирусына қарсы жүйе бар. Яғни әрбір науқастан кейін кешен зарарсыздандырылады. Кешеннің құны – 156 млн теңге.

МАРАТ ЕСКЕНДІРОВ – ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

– 18 іші толған медициналық заттармен. Біздің облысқа 8 келеді екен. Шалғай аылдарға барса оларда әйел ауруларының, томографи, узи бір уақытта өтуге болады. Автобус жолы жоқ жерлерде жүруге икемделген. ішінде бәрі бар.

Жамбыл ауданында оңтүстіктен көшіп келушілерге биыл 48 үй салынып жатыр. Агенттік төрағасы және өңір басшысы құрылыспен танысып, баспаналарға өз бағасын берді. Жалпы, ауданға жыл басынан 31 үйелмен, 109 адам қоныс аударған.