ТЖ

Өткен аптада СҚО-да тілсіз жаудың салдарынан 4 адам қаза тапты

Өткен аптада өңірде 22 өрт оқиғасы тіркеліп, 4 адам ажал құшқан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары / арнайы брифинг барысында мәлімдеді.

Оқыс оқиғалардың бірі қаладағы Маяковский көшесінде орналасқан гаражда болған. Сөндірілмеген темекі тұқылынан тұтанған от / 2 ер адамның өмірін жалмады. Құтқарушылар оқиға орнынан 77-ші жылғы азаматтың өлі денесін тапқан. Оның жолдасы 85 пайыз күйікпен ауруханаға жеткізіліп, 2 күн өткен соң көз жұмды.
Қызыл жалын қазанның 25-сі күні Қызылжар ауданындағы Петерфельд селосында да бас көтерді. 59-шы және 63-ші жылғы ер адам мен нәзікжанды / өз үйлерінде ыстан уланып қалған.

Дмитрий Рябенко – СҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бастығы:

– Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында 546 өрт оқиғасы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда биыл өрт санының 4 жарым есеге азайғанын байқадық. Құтқарушылар оқиға орындарынан 57 адамды құтқарып, 780 адамды эвакуациялады.

Казиканова Алтынай