Құқық қорғау органдары

СҚО-да 2 күнде санитарлық талапты сақтамауға қатысты 18 жағдай тіркелді

2 күнде / 20-ға жуық тәртіп бұзушылық. Өткен демалыс күндері облысымызда / полицейлер мен прокуратура өкілдері / мониторинг жүргізді. Рейд барысында мамандар санитарлық ережелерді сақтамаудың 18 фактісін тіркеді.

Мониторингілік топтың құрамында полицейлер, санитар мамандар мен прокуратура өкілдері бар. Өткен демалыс күндері жүргізілген рей барысында оқшаулану ережесін бұзуға қатысты 4 факті анықталды. Мәселен, қаладағы Айыртау көшесінің бойында орналасқан дәмханада аспаздар маскасыз болған.

Ульянов көшесіндегі мейрамханада ауқымды іс-шара өтіп жатса керек. Жиынға шақырылғандаржың саны 30 адамнан асып кеткен. Қазіргі күні аталған жайттар бойынша материал жиналып, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жөнелтілді.

Баян Байғаскина – СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Өткен демалыс күндері облыс көлемінде санитарлық талаптарды бұзудың 18 фактісі тіркелді. Карантин ережесі енгізілгелі бері облысымызда жыл басынан 1822 құқықбұзушылық орын алды. Кінәлі тұлғалардың барлығы жауапкершілікке тартылды.

Қауіпсіздік – басты назарда. Мониторинг барысында мамандар тұрғындарға маска тағып, санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.

 

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан