Спорт

“Qulager” атыраулық “Beibarys”-пен 3 ұпайдан бөлісті

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі жалғасуда. Демалыс күндері “Qulager” өз айдынында атыраулық “Бейбарыс”-ты қабылдады.

Алғашқы кездесуде петропавлдық клубтың асығы алшысынан түсті. Бабындағы “Qulager” қарсыласын 4:1-мен ойсыратты. Шайба соққандар – Дамир Рамазанов, Максим ПервУхин, Анатолий Васильев пен Федор Хорошев.

Ал қарымта матчта жергілікті жігіттер басымдықты ұстап қала алмады. Бейбарыстықтар ХозЯшевтың қақпасынан 3 мәрте саңылау тапты. Қорытынды есеп – 1:3. Жаңа маусымда өткізген 4 матчтың екеуінде жеңіп, екеуінде жеңіліс тапқан “Qulager” 7 ұпаймен біріншіліктің турнирлік кестесінде, әзірге, 3-ші орында тұр. Келесі қос кездесуді клуб алдағы демалыс күндері сырт айдында өткізеді. Қарсылас – Рудныйдың “Горнягы”.

 

Саят Ермек