МТРА жаңалықтары

Қатты тұрмысты қалдықтарды шығару тарифі өсуі мүмкін

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жергілікті департаменті кезекті “Open Space” шарасын өткізді. Жиында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару мәселелері талқыланды.

Петропавл қаласында аталған шаруамен 7 кәсіпорын айналысады. Заңды тұлғалардың көбі / қоқыс шығаратын компаниямен келісім шарт жасаспаған көрінеді. Ал, қоршаған ортаға бейжай қарап, қалдықтарды бөлмей, бәрін бірге тастайтын тұрғындарға ешқандай жауапкершілк қарастырылмаған. Әрі қоқысты шығару тарифі де өзін-өзі ақтамайды екен. Бүгінде оның көлемі – бір адамға – 220 теңге. Бірақ, шын мәнісінде кететін шығын одан да көп. Сондықтан, кәсіпорындар тарифтің өскенін қалайды. Бұл өтінішті алдағы уақытта жергілікті атқарушы орган өкілдері қарастырмақ. Оупен спейстің қорытындысы бойынша аталған Департаменттің бастамасымен “Тосқауылар картасы” жасалды. Жоба аясында бизнес өкілдерін мазалайтын сұрақтар анықталып, проблемаларды шешу жолдары қарастырылмақ.

 

 

 

Эльмира Садвокасова