Мәдениет

«Ұстаздың оралуы» атты спектакльдің премьерасы өтті

Мәдениет ошағының екінші қабатындағы атмосфера осындай. Қолына аспабын ұстаған оркестр көрермендерін салтанатпен қарсы алуда. Бетіне маскасын киіп, залға қарай жақындаған тұрғындар қойылымның басталуын тағатсыздана күткендерін айтуда.

Бірер минуттан соң көпті күттірген сахнаның шымылдығы ашылды. Әнуар Әлімжанов жазған шығарма – тарихи-философиялық бағытта.

Білім мен ғылымның падишасы әл-Фараби бала кезінен-ақ аты шығып, жұрттан асқан ақылымен халықтың таңдайын қақтырады. Ол араб, парсы, грек, дәри, хинди тілдерін жақсы меңгерген. Аристотель мен Платон еңбектеріне қанығып, математика мен астрономияға, дәрігерлікке де ден қояды. Осы салалар бойынша талай зерттеу жүргізіпті. Алайда, ғұламаның ойын теріске шығарғысы келген сол кездегі билік өкілдері оның жолына тосқауыл қоюға тырысады.

Фархадбек Қанафин – қоюшы-режиссер, Нұр-Сұлтан қаласы:

– Бұл туынды әл-Фарабидің адами болмысын ашады. Ол кісінің махаббаты, өмірлік ұстанымы, позициясы туындыда қамтылған.

Сахна төрінде “Sensitive” пен “Алуа” би топтары да өнер көрсетті. Көрініске қара шаңырақтың ұжымы толық қатысуда. Барлығы 50-ге жуық адам. Ал өз заманының ұлы ғалымы болған әл-Фарабидің рөлін Айбол Қасым сомдауда.

Айбол Қасым – С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының актері:

– Дайындық барысында әл-Фараби туралы көптеген деректерді білдік. Білмегеніміздің сұрадық. Іздендік. Бағасын беретін көрермен. Өзімізді сырт көзбен барынша төмен бағалуға тырысамыз.

“Ұстаздың оралуы” атты қойылым қазанның 23-і күні тағы бір рет сахналанады.

Казиканова Алтынай