COVID-19: Қазақстан

СҚО-да 1700 дәрігерге қыркүйек айының үстемақысы берілді

Дәрігерлерге қыркүйек айының үстемақысы берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында екінші жартыжылдықтың үстемеақысын төлеу үшін 150 млрд теңге бөлуді тапсырған болатын. Қомақты соманың 376 млн теңгесі теріскей өңіріне бағытталды. Қаражатты қауырт жағдайда жұмыс істеп жүрген мамандар алды. Облыста мұндай ақхалаттылардың саны 1700-ден асады. Айта кетейік, коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдейтін дәрігерлердің саны эпидахуалға байланысты өзгеріп отырды. Наурызда алғы шепте жүрген ақхалаттылар 500 болса, шілде айында 2600-ден асқан.

Маржан Касымбек