Білім

Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпаздары анықталды

Петропавлда республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпаздары анықталды. Бұл конкурс қазанның 10-ы мен 20-сы аралығында өткен болатын.

Оған солтүстікқазақстандық 22 ұстаз қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша 10 мұғалімнің жұмысы жоғары бағаланып, марапат иеленді. Бағы жанған жерлестеріміздің екеуі қаладағы ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицейінде қызмет етеді. Бірі байқауға шахмат үйірмесі бойынша арнайы жоба әзірлеп, жолдаған екен. Ал Татьяна Мига химия пәнін тереңдете оқыту, ұл-қыздарды олимпиадаларға дайындау жөнінде материал дайындаған. Жинақты әзірлеуге 2 жыл уақытын жұмсаған екен.

Татьяна Мига – ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі:

– Менің авторлық жобам 6-11 сынып оқушыларына арналған. “Лаборатория знаний по химии” деп аталады. Бағдарлама оқушыларға қосымша ғылыми ақпарат береді, пәнге деген қызығушылықты арттырады. Еңбегімнің жоғары деңгейде бағаланғанына қуаныштымын.

Казиканова Алтынай