МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артуда

Қазір елімізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Мәселен, бүгінде атқарушы органдар жаппай электрондық форматқа көшуде.

Осы күні облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Барлығы тек онлайн түрде жүзеге асырылады. Өтінішті eGov.kz порталына кіріп немесе Жұмабаев көшесі, 70 мекен-жайы бойынша орналасқан басқарманың / өзіне-өзі қызмет ету секторында қалдыруға болады. Аталған сектор биыл ашылған екен. Жалпы, жыл басынан бері басқармаға бұқара тарапынан 251 өтініш келіп түсіпті.

Біржан Кушербаев – СҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс және лицензиялау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– 9 айдың ішінде келіп түскен өтініштердің 123-і мақұлданды. Оның – 71-і лицензия, ал 52-сі аттестат беруге байланысты. 119 өтініш қабылданған жоқ. Шаруа толыққанды электрондық форматта жүргізілді. Бұл тұрғындардың уақытын үнемдейді.

 

 

 

Бисенова Жанна