Қайырымдылық

Кішкентай Маша көмекке мұқтаж

Кішкентай жерлесіміз қайырымды жандардың көмегіне мұқтаж. 3 жасар Маша есімді қыз туғаннан бері сал ауруына шалдыққан. Денесіне бірнеше мәрте ота жасалған балақай  бүгінде аяққа тұрып, өздігінен тамақ іше алады екен. Тағдырмен күресіп келе жатқан бүлдіршіннің  дертінен толыққанды айығып кетуі үшін оңалту курсынан өтуі қажет. Көп қаржыны қажет ететін емдеуге ата-анасының ақшасы жетпей отыр. Осы орайда жерлестерінен көмек сұрайды.

-А это что?

– Банан.

– Банан.

 – А это что?

– Вина. Виноград. Ягодки..

Кішкентай Маша сал болып туды. Тағдырымен күресіп келе жатқан балақай бірнеше рет ота үстеліне жатқызылды. Дәрігерлер оның жүрегін тоқтатып, басына, омыртқасына, бүйрегі мен аяғына 7 рет операция жасаған. Көптеген қиын отаның нәтижесінде қазір ол өздігінен отырып-тұра алады.

– В нашем случае да. С нашим поражением это уже, это большой успех. То что даже она сидит и кушает. У нее интелект развит. По возрасту даже превышает…

Балақай аяғына тұрғанда дәрігерлердің өзі таң қалды. Машаның әр қимылы – ата-анасына қуаныш. Қиын күндер артта қалды деуге болады. Бірақ, әлі де бүлдіршінге оңалту курстарынан өту қажет.

ОКСАНА ИСТОМИНА, МАШАНЫҢ АНАСЫ:

– Енді бізге оңалту курстарынан өту керек. Неғұрлым көп қабылдасақ, соғұрлым жақсы болады. Дәрігерлер 90 процент мүмкіндік бар дейді. Қызымда дене функциялары толық сақталған. Енді іс-әрекет сигналын миға жеткізу керек.

Келесі курс 3 млн теңге тұрады. Оны ата-анасының қалтасы көтермей тұр. Кішкентай қыздың жағдайын естіген ел-жұрт жаппай көмек қолын соза бастады.

ДИЛЯРА ЗУЕВА, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

– Қазір 1 млн 200 мың теңге жетпей тұр. Уақыт өте аз. Қарашаның 3-і Челябі қаласында оңалту курсы басталады. Ал әлі ақша толық жиналған жоқ.

Машаның анасы Оксана поездға билет алып қойған. Әкесі күні-түні жұмыста. Екеуі де қыздары үшін тырмысып жүр. Өйткені, оның болашақта ел қатарлы өмір сүретініне сенеді. Қайырымды жандар көмекке мұқтаж отбасыға экранда көрсетілген +7 708 652 77 09 телефон нөмірі арқылы ақша аудара алады