Құқық қорғау органдары

Өңірде “Автобус” жедел-алдын алу шарасы өтуде

Қазанның 21-і күні елімізде “Автобус” жедел-алдын алу шарасы бастау алды.

Өлкемізде профилактикалық ацияға жалпы саны 400-ге жуық тәртіп сақшысы қатысуда. Мамандар республикалық шара барысында қоғамдық көліктерді тексеруде. Полиция қызметкерлері алғашқы күннің өзінде өңір жолдарында 88 заңбұзушылық фактісін анықтады. Оның 30-ы – рөлде
телефонмен сөйлесу, 12-сі – маневр жасау ережесін сақтамау, 6-ауы – жылдамдықты арттыру. Барлық жайтқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылыпты. Айта кетейік, 9 айдың ішінде жергілікті тәртіп сақшылары автобус жүргізушілері жасаған 602 бұзушылық фактісін анықтаған.

Ережені елемегендердің басым бөлігі темір тұлпарды басқару кезiнде ұялы телефонды пайдаланған.

 

 

 

 

Ешкенова Дана