МТРА жаңалықтары

СҚ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті кезекті аукцион өткізеді

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті жақын арада кезекті аукцион өткізеді. Қарашаның 7-сінен  өңірдің кез келген тұрғыны «госреестр.кз» сайтына кіріп, өзіне қажетті затты төмендетілген бағамен сатып ала алады. Мамандардың айтуынша биыл негізінен  көлік пен кеңселік жұмысқа қажетті дүниелер саудаланады екен.

Компьютер, ұялы телефон, мұздатқыш камерасы мен принтер. Бұл заттардың барлығы қарашаның 7-сі күні сатылымға шығарылады. Мамандар әр тауардың бастапқы бағасы мен ең төменгі құнын белгілеп қойған. Түсіндіре кетейік. Аукионның шарты бойынша алдымен аталған дүниелердің бағасы өсіп отырады. Яғни белгілі бір затқа кім көп ақша ұсынса сол адам сатып алады деген сөз. Ал егер ешкім оны қажет етпесе тауар ең төмен бағамен өтеді. Мәселен, мына қайық. Бастапқы бағасы – 99 981 теңге. Егер аукцион барысында суда жүзуге арналған дүниені ешкім сатып алмаса оның құны бірден 16 мың теңгеге түседі.

Дулат Қожанов облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы:

– Біз мемлекеттік мекемелердің есебінен шығарылған дүниелерді сатумен айналысамыз. Биыл 36 лот саудаға қойылады. Олардың арасында автокөлік, тұмыстық техника, салмақ өлшегіш, телефон мен ноутбук секілді заттар бар. Тұрғындар оларды «госреестр.кз» сайтына кіріп сатып ала алады.

Сонымен қатар, аталған департамент өкілдері мемлекеттік қызметшілерге пара немесе сыйлық ретінде берілген дүниелерді тәркілеумен айналысады. Биыл мұндай 1 ғана жайт тіркеліпті. Мемлекеттік қызметтегі маманға бәз біреу 1 қорап шоколад сыйлаған. Тәттінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен соң ол аукционға қойылмаған екен. Сонымен қатар, мамандар биыл өңірдің 3 ауданында оңтайландыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз дейді. Яғни, қазынадағы ақшаны үнемдеу мақсатында екі бөлек ғимаратта отырған мемлекеттік мекемелерді бір нысанға орналастырады.

Далабай Қабдуалиев – облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы:

–  Биыл оңтайландыру жұмыстары Айыртау, Тайынша және Тимирязев ауданында жүргізіліп жатыр. Біз аталған аудандардағы кірістер басқармасы мен қазынашылық басқармаларын бір нысанның ішіне жайғастырамыз.

Сондай-ақ, мамандар биыл Петропавлдағы тозығы жеткен ғимаратты сатылымға шығарыпты. Қаланың шетіндегі мына нысан 1968 жылы салынған. Кезінде бұл орында механикалық цех болған екен. Енді ескі ғимарат материал ретінде саудаланбақ.

Бердимурат Баймухан