Білім

Оқушылар арасында республикалық ғылыми жобалар байқауы бастау алды

Оқушылар арасында өткізілетін республикалық ғылыми жобалар байқауының / қалалық кезеңі бастау алды. Сайыс қазанның 19-ынан 22-сіне дейін жалғасады.

Жыл сайын ұйымдастырылатын байқау биыл онлайн форматта өткізілуде. Конкурсқа 9-11-ші сыныптарда оқитын 100-ге жуық ұл-қыз қатысқалы отыр.

Шолпан Әміржанова – қалалық білім бөлімінің әдіскері:

– Байқау 4 бағыт бойынша өткізіледі. Олар: ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу. Таза табиғи орта және Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен перспективалы туристік бағыттар.

Казиканова Алтынай