Спорт

“Құлагер” ХК қарымта ойында “Ақтөбе” командасынан басым түсті

Кеше кешке жергілікті “Құлагер” командасы өз айдынында ақтөбеліктермен екінші ойынын өткізді.

Қарымта кездесуде жерлестеріміз қарсыластарынан басым түсті. Тартысты өткен матчта петропавлдық ұжым қонақтарды 5:1 есебімен тізе бүктірді. Жеңістен кейін Александр Троицкийдің шәкірттері 4 ұпаймен турнирлік кестенің 4-ші сатысына тұрақтады. Енді келесі ойын қазанның 23-і өтпек. Онда “Құлагерліктер” атыраулық “Бейбарыспен” кездеседі.

Ешкенова Дана