Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы саласының 9 айдағы көрсеткіштері айтылды

Үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде өлкемізде 628 млрд теңгенің өнімі шығарылыпты. Өсім 4,3% құрайды.

Алдымен мал шаруашылығындағы көрсеткіштерді тілге тиек етейік. Жыл басынан бері аймақта ет өндірісі 5%-ға ұлғайып, 75 мың тоннаға жеткен. Қызылжар ауданында – мың ірі қараға арналған ферма, Айыртау, Уәлиханов және Ақжарда бордақылау алаңдары салынуда. Олардың әрқайсысының сыйымдылығы 3 пен 10 мың бастың аралығында болмақ. Облысқа Ресей мен Еуропа елдерінен асыл тұқымды мал әкелу жалғасуда. Бүгінге дейін өлкемізге 2 мыңға тарта ірі қара жеткізіліпті. Сүт өндірісіне қатысты айтар болсақ, биыл 497 мың тонна ақ өндірілген. Өсім 5,3% құрап отыр. Өңірде соңғы 2 жылда 7 бірдей жаңа сүт кешені пайдалануға берілді. Жобаларды іске асыруға 6 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Енді қазір осы бағытта 10 заманауи кәсіпорын салынып жатыр. Нәтижесінде 30 мың тоннадан астам сүт өндіріліп, 300-ден астам жаңа жұмыс орны пайда болады.

Ерболат Бекшенов – СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

– Соңғы 3 жылда облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға 16 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. Рекордтық қаржыландыру ағымдағы жылы да көзделген. Бұл – 48 млрд теңге. Бұл 2019 жылғы деңгейден 23%-ға артық. Жыл басынан бері “ҚазАгро қаржы институттары” арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 45 млрд теңге сомасына 1618 өтінім қаржыландырылды.

Ешкенова Дана