Құқық қорғау органдары

Петропавлда есірткі шегіп алған жүргізуші ұсталды

Петропавлда есірткі шегіп алып, рөлге отырған ер адам ұсталды.

Жауапсыз жүргізуші Батыр Баян мен Кошуков көшелерінің қиылысында құрықталды. Түнгі патрульдеуге шыққан тәртіп сақшылары “Toyota RAW-4” автокөлігін тоқтатады. Сол сәтте рөлде отырған 43 жастағы адамның ерсі қылығы күмән туғызған. Алайда, жүргізуші өзін саумын деп сендірмек болады. Полицейлер ер адамды медициналық тексерістен өткізеді. Сонда / психотропты заттың белгілері табылады. Бұл оқиғаға қатысты хаттама толтырылып, жүргізуші сот үкімі бойынша 15 тәулікке қамауға алынды. Және 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Ешкенова Дана