Спорт

“Qyzyljar” футболшылары “Оқжетпес” құрамасынан жеңіліп қалды

Өткен сенбіде “Qyzyljar” клубының футболшылары / көкшетаулық “Оқжетпес” құрамасымен кездесті.

Ойынның алғашқы таймы қауіпті сәттерге толы және тартысты өтті. Мачтың ережесін бұзғаны үшін жерлестеріміз 2 сары қағаз алды. Уақыт өте келе петропавлдық Шота Григалашвили көзге түсті. Ол 43-ші минутта қарсыластарының қақпасына гол соғып, алғашқы есепті ашты. Ойынның екінші таймында / көкшетаулық ойыншылар жерлестерімізден басым түсті. Олар “Қызылжар” командасының қақпасына қос бірдей гол соғып, матчты тәмамдады. Қорытынды есеп: 2-1. Осы жеңілістен кейін солтүстікқазақстандықтар / турнирлік кесте бойынша бір саты төмен түсті. Қазір 8 ұпаймен / 10-шы орында тұр. Ендігі кезекте қазанның 21-і күні “Тараз” клубымен кездеседі.

 

 

 

Казиканова Алтынай