МТРА жаңалықтарыCOVID-19: Қазақстан

Мониторингілік топ өкілдері кәсіпорындарды аралады

Сондай-ақ, мониторингілік топ мүшелері кәсіпорындарды аралап, карантин талаптарының сақталуын тексерді. Рейд барысында мамандар бас сұққан / 2 бірдей жұмыс орнында / қызметкердердің көбі маскасыз отырған.

Мамандар алдымен “Основание” серіктестігіне келді. Бекітілген ережеге сәйкес, қазіргі уақытта кез-келген жұмыс орнында адамдар маска тағып, қолғап киіп және арақашықтықты сақтап, еңбек етулері тиіс. Алайда, кәсіпорында аталған шарттардың кейбірі сақталмайтыны анықталды.

Камераны көргесін, мониторингілік топ өкілдерімен тілдескесін, мұндағы мамандар бірден бетперделерін тағуға кірісті. Бұдан соң, серіктестік қызметкерлеріне карантин қағидалары жіті таныстырылды. Ал тәртіп сақшылары маскасыз отырған жанағы кісіге айыппұл салды.

Дидар Қапаров – қалалық ПБ ЖПҚ учаскелік инспекторы:

– Тексеріс барысында “Мүсірепов көшесі, 30А” мекен-жайы бойынша орналасқан “Основание” ЖШС серіктестігінің жұмыскері жұмыс орнында маскасыз отырды. Осы орайда әкімшілік кодексінің 425-бабы бойынша материал жинақталып, іс тиісті органдарға жіберілді.

Дәл осындай тексеріс шарасы қаламыздағы “Богатырский продукт” серіктестігінде де ұйымдастырылды. Мұндағы жұмыскерлердің көбі маска киіп отыр. Тек бір азаматша тиісті ережені ескермеген.

Айта кетейік, қағидаларды сақтамаған жан әкімшілік жауапқа тартылып, оған 41 мың 670 теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер аталған сомма бір аптаның ішінде өтелмесе, онда ақша екі есеге артатын болады.

Жанна Бисенова – тілші:

– Бүгін біз мониторингілік топ өкілдерімен бірге қаламыздың 2 ірі кәсіпорнын араладық. Әрқайсысында карантин қағидаларын бұзу фактісі тіркелген. Нақтырақ айтсақ, еңбеккерлер жұмыс орнында маскасыз және қолғапсыз жүрген. Мұнымен тексеру шаралары бітпейді, алдағы уақытта мамандар өзге де мекемелер мен өндіріс ошақтарын тексеретін болады.

 

 

 

Бисенова Жанна