Құқық қорғау органдары

“Зағип жаяу жүргінші” акциясы өтті

Жүргізушілер зағип жандардың жолда жүру құқықтарынан қаншалықты хабардар? Осыны білу мақсатында жергілікті тәртіп сақшылары арнайы шара ұйымдастырды.

Акция “Зағип жаяу жүргінші” деп аталды. Полицейлер қазақ зағиптар қоғамы мүшелерінің қатуысымен Уәлиханов көшесінде тәжірибе өткізген. Қолына таяқ ұстаған нәзікжанды көшенің ортасынан өтпек болады. Ол таяғын жоғарыға көтеріп, жолды кеспек болғанда көлік жүргізушілері тоқтамаған. Кейбіреуі, тіпті, жол бермек түгілі ашуын білдірген. Ережені сақтамаған темір тұлпар иелерін жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатып, оларға зағип жандардың жолда жүру құқықтарын түсіндірді.

Баян Байғаскина – СҚО ПД ЖПБ аға инспекторы:

– Жолда жүру ережелерінің 14,5 ережесіне сәйкес соқыр адам ақ таяғымен белгі көрсеткен жағдайда жүргізуші көлігін тоқтатып, соқыр адамға жол беруі тиіс. Аталған ережені бұзған жағдайда жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 600-бабы бойынша 26 510 теңге көлемінде айыппұл салу көзделген.

Актолкын Солтанханкызы