Мәдениет

Шоқан Уәлихановтың дүниеге келгеніне – 185 жыл

Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында  тарихшы және этнограф Шоқан Уәлихановқа арналып жазылған кітаптар көрмесі өтуде.

20-дан астам еңбекте ұлы ғалымның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы сыр шертілген. Туындылар презентация түрінде де көрсетілмек. Құнды ақпаратпен солтүстікқазақстандықтар қара шаңырақтың Instagram мен Facebook парақшалары арқылы таныса алады.

Гүлнұр Бекіш – Ғ.Мүсірепов атындағы ОБЖК библиографы:

– Презентацияда Шоқан Уәлихановтың әрбір қыры ашылып көрсетілген. Мысалы, Шоқан суретші, Шоқан филолог, этнограф, саяхатшы сияқты бөлімдерден тұрады. Короновирусқа байланысты бұл көрмені онлайн түрде өткізіп отырмыз.

Бердимурат Баймухан