COVID-19: Қазақстан

Петропавлда карантин күшейтіледі

Облыс орталығында ертеңнен бастап карантин күшейтіледі. Өңірдің бас санитарлық дәрігері Серікбай Қасмақасов жаңа қаулы қабылдады.

Мұндай шешім өңірде індеттің белең алуына байланысты қабылданып отыр. Бүгінде облыс бойынша 4 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып алған. Оның мыңнан көбі – сырттан келгендер. Осыған байланысты жұмысшылардың саны 30-дан асатын мекемелер қашықтықтан жұмыс жасау режиміне көшірілді. Тағы, қызмет көрсету орындарының жұмыс уақыты қысқарады. Мәселен, сауда орталықтары, дүкендер, моншалар бұрынғыдай 11-ге дейін емес, 10-ға дейін істейтін болады. Одан бөлек, мерекелік жиындарды өткізуге мүлдем тыйым салынды. Мамандар нысан ішінде де, көшеде де маска тағып, қашықтық сақтау қажеттігін ескертеді. Шектеулер, әсіресе, демалыс күндеріне қатысты күшейтілген.

Меруерт Атамбаева – СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздін бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:

–  Қоғамдық тамақтану орындарына келетін адам санына шектеу қойылады. Мұның алдында келушілердің саны 50 болса, қазір олардың саны 30-дан аспауы тиіс. Демалыс күндері тамақтану орындарына тек тапсырыс қабылдау арқылы жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ашық және жабық базарлар, спорт пен фитнес орталықтары, үйірмелер демалыс күндері жұмыс жасамайды. Сонымен қатар, сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көліктердің жүруіне шектеу қойылады.

Бисенова Жанна