Қоғам

Облыстық кітапханада ұлтаралық татулық тақырыбы талқыланды

18 қазан – Ұлтаралық татулық пен рухани келісім күні. Бұл дата елімізде 93-ші жылдан бері аталып өтіледі.

Осыған орайда облыстық кітапханада диалог алаңында ұлтаралық татулықты нығайту мен оның маңызы туралы талқыланды. Жиынға еңбек ардагерлері мен белсенді жастар қатысты. Жалпы, бүгінде Қазақстанда 20-ға жуық конфессия өкілдері тұрады. Олардың арасындағы өзара сыйластық пен түсініспеншілік көп елге үлгі болып отыр.

Олег Синяков – СҚО қоғамдық даму және ақпарат орталығының сарапшы-талдаушысы:

– Бұл мерекенің маңызы зор. Біз еліміздегі ұлтаралық татулығымызды мақтанышпен паш ете аламыз әрі достығымызды нығайту мақсатында әрқайсысымыз өзіндік бір үлес қосып жатырмыз. Ұлтаралық татулық пен рухани келісім күні халқымызды одан бетер біріктіре түседі.

Эльмира Садвокасова