Қоғам

СҚО-дағы «Қызыл оба» қорымы “Сакралды Қазақстан” жобасына енбек

Ақ қайыңдар өлкесінде киелі орындар жетерлік. Әйтсе де, кейбіреуінен көбісі хабарсыз. “Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінде осы төңірегінде дөңгелек үстел жиыны өтті.

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында қолға алынған “Сакралды Қазақстан” жобасына / өңірден 7 киелі орын енген. Таяу арада бұл тізім толықпақ. Мамандар еліміздің киелі жерлерінің қатарына Уәлиханов ауданындағы “Қызыл оба” қорымын қосуды көздеп отыр.

Олег Синяков – СҚО қоғамдық даму және ақпарат орталығының сарапшы-талдаушысы:

– Өңіріміздегі бірегей археологиялық ескерткіш – “Қызыл оба” қорымында жүргізілген зертеу жұмыстары нәтижесінде мазардың 14 пен 15-ші ғасырларға тиесілі екені белгілі болды. Қорымды тек тарихи-мәдени мұра ғана емес, сонымен қатар діни нысан ретінде де қарастыруға болады. Сол себепті, бұл ескерткіш “Сакралды Қазақстан” жобасына енгізілуге әбден лайықты.

Казиканова Алтынай