Құқық қорғау органдары

СҚО-да 25 полицей «Халық алғысы» медалін алды

Ел басына күн туғанда алдыңғы шепте жүргендер. Солтүстікқазақстандық 25 полицейге «Халық алғысы» медалі табысталды.

Олар төтенше жағдай кезінде өздерінің қажырлы еңбектерімен көзге көрінді. Тәулік бойы блокпостарда тұрып, карантиндік аумақтарды күзетті, қоғамдағы тәртіпті қадағалады. Сондай-ақ, марапатқа полиция қатарында медицина қызметінде жүрген мамандар да ие болды. Наталья Бубенко полиция құрамында 13 жылдан бері еңбек етеді. Нәзікжанды қорғаныш костюмін киіп, көмек қажет болған ошақтарға барып, аянбай еңбек етті.

Наталья Бубенко – СҚО ПД медициналық қызметі клиникалық зертханасының фельдшер-зертханашысы:

– Еңбегімізді бағалап жатқандары үшін алғысымды білдіремін. Пандемия уақытында менімен бірге Елена Корявченко, Татьяна Киселева мен басқа да әріптестерім болды. Біз 24 сағат бойы шалғай аудандардағы инфекция ошақтарына бардық. Ауырған адамдармен тікелей қарым-қатынаста болдық. Осы саланы таңдағаннан кейін қызметке адал және жауапты болу қажет.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан