Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қалалық ескі саябақтың жанынан спорт алаңы салынып жатыр

Қалалық ескі саябақтың жанынан / су жаңа спорт алаңы салынып жатыр. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 240 млн теңге бөлінген. Іске – жергілікті мердігер жауапты.

«Динамо» стадионының жаны бұрын мына суреттегідей жұпыны болатын. Тіпті, хоккей кортының қашан орнатылғаны мамандардың есінде жоқ.

Бүгінде жаттығу орны қалыпқа келтіріліп жатыр. Аумағы 8 мың шаршы метрді құрайтын жерде біраз өзгерістер орын алмақ.

Әлібек Естаулетов – «Shatyr Group KZ» ЖШС маманы:

– Жоба спортқа арналған. Бұл жерде волейбол, баскетбол, теннис ойнайтын орындар болады. Скейт алаңдары, балалар ойын алаңқайы, жастарға арналған тренажерлер болады.

Сондай-ақ, стадион маңын абаттандыру мақсатында 100-ден астам көшет отырғызылмақ. Әрі алдағы күндері заманауи жарық шамдары орнатылады.

Мамандар күндіз-түні тыным таппай жұмыс істеуде. Техника тізгіндеген қызметкерлердің бірі болашақ футбол алаңына тас пен құм төсіп жатса, қалғандары тегістеу үстінде. Жалпы, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 240 млн теңге бөлініпті.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Бұрын бұл шағын ауданда спорт алаңы болмаған еді. Жастарға арнап осы жерді қалыпқа келтіру үшін бюджеттен қомақты ақша бөлінді. Жұмыс ойдағыдай атқарылып жатыр. Қыркүйекте басталған шаруа қараша айының ортасында аяқталмақ.

Су жаңа спорт алаңының құрылыс жұмысымен танысқан өңір басшысы теміржол вокзалына қарай жол тартты. Мұнда да – оң өзгерістер. Нысанның айналасы толық абаттандырылған. 2 субұрқақ жөнделіпті, мынадай орындықтар орнатылыпты.

Жаңашылдыққа қала тұрғындарымен қоса, қонақтар да дән риза.

– Петропавл маған ұнады. Таза қала екен. Бірінші рет келдім. Тараздан.

– Хорошо изменилась. Мы переживаем чтобы не сломали его раньше времени.

Өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов облыс орталығында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқандығын айтты. Биылдың өзінде 5 бірдей саябақ салынып жатыр.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

 – Жаңа қазақ театрының қасында саябақ салынады. Береке ықшам ауданындағы парк қарашада ашылады. Келесі жылға да біраз жоспарларымыз бар. Н.Назарбаев және М.Жұмабаев көшелерінің ортасындағы жеке үйлерді алып тастап, Спорт сарайын салмақшымыз. Оның жанында да үлкен саябақ болады.

Қаладағы жарықтандыру мәселелері де шешімін таппақ.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

 – Жарықтандыру мәселелеріне біраз назар аударылды. 31 көшеге шамдар қойылады. Мещан атындағы орманға тұрғындар жиі барады. Бірақ, жарық жоқ. Онда орындықтар қойылып, шамдар қойылады.

Енді теміржол вокзалына ойыссақ. Нысанның ішінде де біраз шаруа тындырылыпты. Күту залының қабырғалары боялып, нысанның төбесі мен едені толықтай ауыстырылған. Тағы 2 эскалатор мен 3 лифт орнатылған. Алдағы уақытта вокзалдың дәл жанынан автобустардың ғана жүруіне арналған жол салынбақ.

 

 

 

 

 

 

Маржан Касымбек