ТКШ

Желтоқсаннан бастап электрондық билеттеу енгізіледі

Жол ақысын төлеу үшін енді қалтаңда тиын-тебеннің болуы шарт емес. Үстіміздегі жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап облыс орталығында электрондық билеттеу жүйесі енгізіледі.

Қолма-қол ақша төлеу механизмі де қалады. Бірақ, картамен есеп айырысу тұрғындар үшін 50 теңгеге тиімдірек болмақ. Яғни, картамен жол ақысы – 80, ал ол болмаған жағдайда 130 теңгені құрамақ.

Бақыт Ілиясов – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

– Картаның құны – 270 теңге. Оны кез келген терминал арқылы толтыру мүмкіндігі қарастырылған. Егер азамат жол ақысын онлайн төлегісі келіп, карта істемей қалса, онда тұрғын діттеген жеріне тегін жеткізіледі. Тағы айта кету қажет, карта бүлінген жағдайда, оны ауыстыруға шығындалмауға болады. Оны оператордың өзі жаңадан жасап береді.

Эльмира Садвокасова