Құқық қорғау органдары

Жасөспірімдердің үрей тудырған оғаш қылығы

Жасөспірімдердің / үрей тудырған оғаш қылығы. Петропавлда бір топ баланың әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Кәмелет жасына толмағандар / бір көліктің маңына топтасып, арасынан біреуі / қолына автомат сынды қаруды ұстағаны байқалады. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер көше камерасынан / шынайы қару болып көрінген дүниенің / шын мәнісінде ойыншық зат екеніне көз жеткізеді.

Жасөпірімдер түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында / кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекторларға тапсырылған.

Нұрлан Мұхамеджанов, қалалық ПБ ЖБО бастығы:

– Автопатруль келген бетте жасөспірімнің қолында автоматқа ұқсас зат болған, бірақ ол ойыншық болып шықты. Кейін кәмелетке толмаған балалар полиция басқармасына жеткізіліп, арнайы инспекторларға табыс етілді. Олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.

 

 

 

Ешкенова Дана