Құқық қорғау органдары

Петропавлда 30 жастағы нәзіжандыны көлік қағып кетті

Облыс орталығында жол апатынан 30 жастағы қала тұрғыны зардап шекті.

Оқиға 12-ші қазан күні кешкі 10-дар шамасында Караван мен Клара Цеткин көшелерінің қиылысында орын алды. Нәзікжанды жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Дәл осы кезде қатты жылдамдықпен келе жатқан жеңіл автокөлік оны қағып өтеді. Салдарынан жаяу жүргінші ауыр жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізіледі.

Жамбыл Қалиев – қалалық ПБ бөлімінің аға инспекторы:

– Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен дәрігерлер келді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Куәландыру нәтижесі жүргізушінің сау екенін көрсетті.

 

 

 

Казиканова Алтынай