“Масло-Дел” серіктестігі жаңа желіні іске қоспақ

МТРА жаңалықтары, Бизнес және экономика

21:58 13 Қазан 2020

Петропавлдағы “Масло-Дел” серіктестігі жыл соңына дейін ультра пастерленген сүт өндірісін іске қоспақ. Жаңа желінің іске қосылуымен кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 88 мыңнан 120 мың тоннаға дейін артады. Әрі қосымша 100-ге жуық жаңа жұмыс орны пайда болады.

Петропавлдағы “Масло-Дел” серіктестігі өз жұмысын сонау 2004 жылы бастаған болатын. Қазір ол – өңірімізде сүт өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі. Алғашында тәулігіне 60 тонна сүт өңдесе, қазіргі тәуліктік қуаты – 520 тонна. Мұнда сүт қана емес, одан айран, ірімшік, май – жалпы 70 түрлі тауар жасалады.

Наталья Солохина – «Масло-Дел» ЖШС директоры:

– Сейчас начинается зимний период. Приёмка снижается. Сейчас принимаем 110-140 тонн. Чтобы задействовать мощность, мы выпускаем молокосодержащие продукты. Жирность у него идёт от 1,5 до 6%.

Жалпы, «Масло-Дел» серіктестігінде 2018 жылдан бері жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл шаруаның арқасында кәсіпорын 3 жаңа қондырғымен толғыпты. Ал желтоқсан айында зауыт ультра пастерленген сүт өндірісін іске қоспақ. Оның тәуліктік қуаттылығы 32 мың тонна болады. Бұл қосымша желінің арқасында 8 жаңа өнім түрі нарыққа шығады.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– “Масло-Дел” зауытына 4,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Жаңғыртудан кейін 85 жаңа жұмыс орны пайда болады. Зауыттың қуаттылығы 88 мыңнан 120 мың тоннаға дейін өспек.

Әзірге, “Масло-Дел” компаниясы тауарларын тек Қазақстан бойынша саудалайды. Алдағы уақытта шетел нарығына шықпақ ниетте. Осы орайда айта кетейік, бүгінде облыста сүт өңдеу зауыттары шикізатпен 91%-ға қамтамасыз етілген.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– 9 айдың қорытындысы бойынша өлкеде 497 мың тонна ақ өндірілді. Ал жыл соңына дейін 600-ге дейін жетеді. Әрине, жыл сайын сүттің көлемі артады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде өңірде 12 ферма тұрғызылуда. Жаңа кәсіпорындардың арқасында өлкеде сүт өндірісі тағы 30 мың тоннаға өспек. Сөйтіп, сүт зауыттары шикізатпен 94%-ға қамтамасыз етіледі. Тағы, өңірде жылына 600 тонна ірімшік өндіріледі. Өңірді бұл жөнінен қамту көрсеткіші 31 %-ды құрайды.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Жылдық сұраныс – 1700 тонна. Бұл дефицитті біз «Молочный Союз» зауытының жаңа желісі іске қосылған кезде жабамыз. Жаңа желі жылына 2500 мың тонна ірімшік түрлерін шығаруға мүмкіндік бермек.

Жаңа желі іске қосылғанда өңір нарығы ірімшікпен толығымен қамтамасыз етілмек.

 

 

 

Ешкенова Дана

 

Бұдан әрі оқыңыз

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар жаңаша қаржыландырылады
Жарылыс болған жатақхана тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетілуде
Ақпанның 1-інен бастап СҚО толығымен цифрлық телехабар таратуға көшеді
Жарылыстан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетіледі
Жануарларға қатысты зорлық-зомбылықты тыю
Президент мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды
“Антикор” орталығының өкілдері ӘМСҚ филиалына мониторинг жүргізді
Солтүстікқазақстандық кәсіпкер жылжымалы монша жасайды
СҚО-да өткен жылы “Бастау” жобасына 1 мыңға жуық адам қатысқан
2006 жылғы 200 теңгелік банкнот заңды төлем құралы болып есептеледі
Былтыр АШҚҚ қоры өңірде 800-ге жуық жобаны қаржыландырған
Ауыр атлетші Айдар Қазов сыйға тартылған баспанадан айрылып қалды